Қысқа қоңырау

Сенімен байланысу керектігін айт

Cенің ұялы телефоныңның шотында қаражат бітіп қалған жағдайда, «Маячок» қызметімен сен басқа бір Tele2 абонентіне саған қоңырау шалуын өтініп тегін хабарлама жібере аласың.

  • Tele2 абонентінен саған қоңырау шалуын өтіну үшін, өзіңнің ұялы телефоныңнан келесі пәрменді тер: *144* өтініш бағытталған абоненттің нөмірі #. Телефон нөмірін сен ұлттық немесе халықаралық форматта тере аласың, мысалы:
    *144*77071234567# немесе
    *144*87071234567#.
  • Сен өзіңе қоңырау шалуын өтінген абонент сенің атыңнан «Маған қоңырау шал» мәтіні бар SMS хабарлама алады.
  • «Маячок» сауалы жіберілгендігіне көз жеткізу үшін, өзіңнің ұялы телефоныңнан келесі пәрменді тер: *144* өтініш бағытталған абоненттің нөмірі #. Сонда сен «Сіздің сауалыңыз жеткізілді» деген мәтіні бар хабарлама түрінде, сауалдың жіберілгендігінің растамасын аласың.
  • Бұл қызмет Tele2 желісінің барлық абоненттеріне тегін ұсынылады.