Менің шотымды толтыр

Шотыңды толтыруға достарыңнан көмек сұра

Егер сенің телефоныңның шотында ақша бітіп қалған болса, және теңгерімді толтыру мүмкіндігі жоқ болса, «Менің шотымды толтыр» қызметі арқылы өз туыстарыңа осы туралы хабар бер – сонда олар саған тезірек көмекке келе алады!


Жақын адамдарың шотты кез-келген ыңғайлы әдіспен толтыра алады: төлем картасымен, қолма-қол ақшамен немесе «Мобильді аударым» қызметінің көмегімен – өз шотынан сенің шотыңа қаражат аудару арқылы.


Қызметті қосудың немесе баптаудың қажеті жоқ, ол барлық Tele2 абоненттеріне – «үй» желісінде және роумингте болған кезде тегін ұсынылады.


«Менің шотымды толтыр» қызметін бағалаңыз

Шотты толтыруды өтініп сұрау оңай!


Келесі пәрменді тер: *143* өтініш бағытталған абоненттің нөмірі #.


Абоненттің нөмірін сегіздік арқылы көрсет, мысалы, былай: 87071234567